Елдос Сметов, Абиба Абужақынова: жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдошылар белгілі болды
Жарияланған күні:

Жапонияда өтетін ХХ жазғы Азия ойындарына қатысатын дзюдодан ұлттық құраманың тізімі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындары өтеді. Дзюдо бәсекелері 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында ұйымдастырылады.
Ұлттық құраманың бапкерлер кеңесінің шешімімен дзюдодан Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы бекітілді.
Ерлер:
- Елдос Сметов (60 кг);
- Ғұсман Қырғызбаев (66 кг);
- Бақытжан Абдурахманов (73 кг);
- Алмат Әділет (81 кг);
- Айдар Арапов (90 кг);
- Марат Байкамуров (100 кг);
- Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).
Әйелдер:
- Абиба Абужақынова (48 кг);
- Меруерт Сәрсенова (52 кг);
- Дана Әбдірова (57 кг);
- Эсмигүл Куюлова (63 кг);
- Ажар Асхат (70 кг);
- Екатерина Токарева (78 кг);
- Аида Тойшыбекова (+78 кг).
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
