Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстандық спортшы жылжымалы нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

    Фатима Ирназарова
    Фатима Ирназарова. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Жылжымалы нысана көздеуден Таллинде өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алтын және қола медаль түсті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің мәліметінше, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ атудан жеке сайыста Фатима Ирназарова топ жарса, Зухра Ирназарова қола жүлдеге ие болған.

    Финалдық бәсекеде Фатима Ирназарова Украина спортшысы Виктория Рыбоваловадан 6:2 есебімен басым түскен.

    Қола жүлде үшін таласта Зухра Ирназарова Мажарстан өкілі Бианка Барбара Фаркасн Кецелиді 6:4 есебімен жеңген.

    Сондай-ақ іріктеу кезеңінде Зухра Ирназарова 573 ұпай жинап, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартқан.

    Зухра Ирназарова
    Зухра Ирназарова. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Айта кетейік, жаһандық додаға 17 елден 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

    Қазақстандық спортшы жылжымалы нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram