Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Волейболды отырып ойнау: Қазақстан құрамасы тарихи жүлдеге қол жеткізді

    Қазақстан құрамасы
    Қазақстан құрамасы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионаты Қытайдың Ханчжоу қаласында 10-17 шілде аралығында өтті. Әлемдік додаға ерлер арасында 16 ұлттық құрама қатысқан.

    Қазақстан құрамасы С тобында Бразилия, Хорватия және Ирак командаларымен сынға түсіп, топтық кезеңді екінші орынмен аяқтап, плей-офф кезеңіне жолдама алған.

    Нәтижесінде 1/8 финалда қазақстандық волейболшылар Польша құрамасын 3:0 есебімен айқын жеңсе, ширек финалда Руанда құрамасын 3:0 есебімен ұтқан.

    Дегенмен, жартылай финалда әлемнің ең мықты командаларының бірі – Ираннан 0:3 есебімен жеңілген.

    Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандық спортшылар Бразилия құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген.

    Министрліктің мәліметінше, бұл қола жүлде – Қазақстан құрамасының волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионаты тарихындағы алғашқы медалі әрі отандық параспорттың тарихи жетістігі.

    Волейболды отырып ойнау: Қазақстан құрамасы тарихи жүлдеге қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram