Қазақстандық гимнаст қыздар 28 жылдан кейін Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді
Жарияланған күні:
Спорттық гимнастикадан Қытайдың Цуньи қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандық жасөспірім қыздар 28 жылдан кейін Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы жасөспірім санатында дәл осындай жетістікке 1998 жылы қол жеткізген болатын.
Қытайдағы құрлық біріншілігінде ел намысын Ева Тациева, Илана Раздықова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Саида Қасымжанова қорғады.
Бұл сында 163.563 ұпаймен Қытай командасы Азия чемпионы атанды. 157.329 жинаған Жапонияға күміс жүлде бұйырды, үздік үштікті 144.462 ұпаймен Қазақстан құрамасы түйіндеді.
Спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты 28 маусымда өз мәресіне жетеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/other-sports/2393335-qazaqstandyq-gimnast-qyzdar-28-zhyldan-keiin-aziia-chempionatynyng-qola-zhuldesin-ielendi/