Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бибісара Асаубаева Норвегияда беделді шахмат турнирінің жеңімпазы атанды

    Бибісара Асаубаева
    Бибісара Асаубаева. Фото: Mahmud HAMS / AFP via Getty Images

    Бибісара Асаубаева шахматтан Norway Chess Women 2026 халықаралық турнирінде мерзімінен бұрын бірінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, 25 мамырда басталған бәсеке Осло қаласындағы Deichman Bjørvika мәдени орталығында өтті. Жарысқа 4 елден (Қазақстан, Қытай, Үндістан және Украина) жиналған әлемнің ең мықты 6 шахматшысы қатысты.

    Бибісараның қарсыластары:

    • Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) - қазіргі әлем чемпионы;
    • Чжу Цзиньэр (Қытай) - әлем рейтингінде 2-орындағы шахматшы;
    • Хампи Конеру (Үндістан) - әлем шахматының белді өкілі;
    • Анна Музычук (Украина) - Norway Chess Women турнирінің былтырғы жеңімпазы;
    • Дивья Дешмукх (Үндістан) - әлем кубогының иегері.

    Бұл турнир Бибісара үшін дебют болды.Ол турнир тарихындағы ең жас қатысушы болып отыр.

    Жарыс екі айналымды жүйеде өтті, яғни әр ойыншы бір-бірімен екі реттен ойнады.

    Классикалық партияда тең түскен жағдайда, жеңімпаз "Армагеддон" (міндетті түрде жеңімпазды анықтайтын ерекше ереже бойынша өтетін шешуші партия) арқылы анықталды.

    Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, ерлер мен әйелдер турнирлерінің жеңімпаздарына 700 000 норвегиялық крон беріледі. Демек Бибісара Асаубаева шамамен 36,3 миллион теңге табыс тапты.

    Бибісара Асаубаева Норвегияда беделді шахмат турнирінің жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram