Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елена Рыбакина екінші рет WTA 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA 500 санатындағы беделді турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Басылым мәліметінше, әлемнің екінші ракеткасы финалда чехиялық Каролина Мухованы (WTA №12) сенімді түрде ұтып, матчты 7:5, 6:1 есебімен аяқтады. Осылайша Рыбакина 2026 жылғы маусымдағы екінші титулын жеңіп алды. Бұған дейін ол Australian Open турнирінде топ жарған болатын.

    Бұл – қазақстандық теннисшінің кәсіби мансабындағы 13-жүлдесі. Сонымен қатар Рыбакина Штутгарттағы турнирді екінші рет ұтып отыр: ол мұнда алғаш рет 2024 жылы чемпион атанған еді.

    Жеңісі үшін Рыбакина 500 рейтингтік ұпайға ие болып, 160 мың еуро көлемінде сыйақы алды. Сондай-ақ турнирдің басты жүлделерінің бірі – Porsche 911 Carrera S автокөлігі де чемпионға табысталды.

    Айта кетейік, Рыбакина қазіргі таңда 2026 жылғы маусымның чемпиондық жарысында көш бастап келеді. Оның еншісінде 25 жеңіс және 5 жеңіліс бар.

    Елена Рыбакина екінші рет WTA 500 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram