Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

    Ербол Хамитов
    Ербол Хамитов. Фото: Мейіржан Амангелдиев

    Ербол Хамитов Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XIV қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР Спорт комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Спортшы пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу жарысында мәреге бірінші болып жетіп, ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

    "Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі. Спортшымызды тарихи жеңісімен құттықтаймыз!" - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов осы Паралимпиадада пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алған болатын.

    Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, үздік үшікті түйіндеді.

    Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram