Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Париж-2024: Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды

    Әлішер Ерғали мен Амирали
    Әлішер Ерғали мен Амирали. Фото: PUNIT PARANJPE/AFP via Getty Images

    Қазақстандық еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Олимпиаданың қола жүлдесі үшін күресті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалдық кезеңде Бахрейн елінің балуан Ахмед Тажудиновпен сынға түсіп, жеңіліс тапқан болатын.

    Жарыс ережесі бойынша егер Ахмед Тажудинов финалға өтіп жатса, Әлішер Ерғали қола медаль үшін жұбаныш кездесуін өткізуге мүмкіндік алады. Бахрейн балуаны жартылай финалда АҚШ спортшысы Кайл Снайдерді 6:4 есебімен жеңді.

    Жұбаныш белдесінде қазақстандық балуан алғашқы айналымда Ахмед Тажудиновтен жеңіліп қалған ирандық Амирали Азарпирамен кездесті. Нәтижесінде Әлішер 6:1 есебімен жеңіліп, Париж Олимпиадасын аяқтады.

    Еске салайық, Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған балуан Әлішер Ерғалидің бапкері Пернебек Беласар шәкіртінің жеңілісіне қатысты пікір білдіріп, сенімді ақтай алмағандары үшін кешірім сұраған еді.

    Париж-2024: Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram