Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық мергендер финалдық кезеңге шыға алмады

    Қазақстандық мерген Константин Малиновский
    Қазақстандық мерген Константин Малиновский. Фото: Olympic.kz

    Қазақстандық мергендер Париж Олимпиадасы аясында винтовкадан оқу атудан іріктеу сынына қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Үш позицияда винтовкадан оқу ату (50 м) бәсекесінің іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский қатысты. Аталмыш сайысқа 41 мерген қатысқан болатын. Ақтық сынға үздік шыққан 8 спортшы шығады.

    Бәсекенің қорытындысы бойынша Ислам Сәтпаев (588-24х) 18-орынға тұрақтаса, Константин Малиновский (586-29х) 25-сатыны місе тұтты.

    Қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев Олимпиаданың бірінші күнінде Александра Лемен бірге командалық аралас дуэтте қола медаль жеңіп алған.

    Айта кетейік, Франция астанасы Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызға дейін өз жалғасын табады. Қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар.

    Қазақстандық мергендер финалдық кезеңге шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram