Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда барады

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Мұхаммедсабыр 63,5 кг салмақ дәрежесіндегі соңғы Олимпиада жолдамасын иелену үшін молдовалық Александру Парасчивпен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекте 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Осылайша, Париж Олимпиадасында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы барлық 7 салмақ дәрежесінде өнер көрсететін болды:

    • Сәкен Бибосынов – 51 кг;
    • Махмұд Сабырхан – 57 кг;
    • Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – 63,5 кг;
    • Асланбек Шымбергенов – 71 кг;
    • Нұрбек Оралбай – 80 кг;
    • Айбек Оралбай – 92 кг;
    • Қамшыбек Қоңқабаев – +92 кг.

    Ал Қазақстан әйелдер құрамасынан Олимпиада ойындарында ел намысын 3 боксшы қорғайды:

    • Карина Ибрагимова – 57 кг.
    • Валентина Хальзова – 75 кг;
    • Назым Қызайбай – 50 кг;

    Қазір Қазақстан қоржынында Олимпиаданың 58 жолдамасы бар. Париждегі жазғы ойындар 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

    Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда барады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram