Белгілі ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар жауапқа тартылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық актер әрі аралас жекпе-жек (ММА) шебері Еркебұлан Тоқтар бейәдеп сөздер айтқаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.
В пресс-службе прокуратуры Алматы сообщили, что в социальных сетях было выявлено видео, на котором известный боец ММА Еркебулан Токтар нецензурно выражался.
Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі белгілі ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтардың әлеуметтік желілерде бейәдеп сөздер айтқан видеосы анықталғанын мәлімдеді.
"Танымалдылық жауапкершіліктен босатпайды. Алматы қаласы Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп нақтылады прокуратура.
Еске сала кетейік, тамыз айында Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді. Нәтижесінде ол үш кездесудің барлығында жеңіске жетті. Сондай-ақ спортшы Octagon ММА лигасының BMF белбеуінің иегері және кулак жекпе-жегінде өнер көрсетеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/mma/2425896-belgili-mma-zhauyngeri-erkebulan-toqtar-zhauapqa-tartyldy/
