Асу Алмабаев чемпиондық титулды жеңіп алды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен өткен ACBJJ 22 турнирінде бақ сынады. Ол чемпиондық белбеуді иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жарыс аясында қазақстандық спортшы чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бұл туралы ұйымдастырушылар Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
All-Stars Title Match жекпе-жегі No-Gi (кимоносыз күрес) ережесі бойынша өтті. Төрешілер бірауыздан шешім қабылдап жеңісті қазақстандықтың пайдасына берді.
Турнир Стамбұлда өтті. Асу Алмабаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тәжікстандық Халим Назрулоевпен күш сынасты.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/mma/2420498-asu-almabaev-chempiondyq-tituldy-zhengip-aldy-video/
