Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютінде IBF Asia белбеуін жеңіп алды

    Санжар Тәшкенбай
    Санжар Тәшкенбай. Фото: 1bol.kz

    Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастап, бірден IBF Asia чемпионы атанды, деп жазады 1bol.kz.

    Жекпе-жек Астанада өткен IBA Nomad лигасы ұйымдастырған International Boxing Day турнирінің басты оқиғасы болды.

    Тәшкенбайдың қарсыласы кәсіпқой рингте жеті жеңісі мен бір жеңілісі бар филиппиндік Нил Хакамос болды. Боксшылар бірінші аса жеңіл салмақтағы бос тұрған IBF Asia чемпиондық белбеуін сарапқа салды.

    Он раундқа есептелген кездесу толық дистанцияға созылды. Қазақстандық боксшы жекпе-жек барысында қарсыласын екі рет — бесінші және сегізінші раундтарда нокдаунға түсірді.

    Айқас қорытындысында үш төреші де жеңісті Санжар Тәшкенбайға берді. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде-ақ чемпиондық белбеуге ие болды.

    Тәшкенбай кәсіпқой боксқа ауысқанға дейін әуесқойлар арасында ірі жетістіктерге жеткен. Ол 2023 жылы IBA әлем чемпионатында топ жарса, 2025 жылы World Boxing аясындағы әлем біріншілігінде де алтын медаль жеңіп алды.

    Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы дебютінде IBF Asia белбеуін жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram