Қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Дияр Нұрғожай UFC турнирінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ UFC Eurasia-ға сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшының қарсыласы бразилиялық Бруно Лопес болды.
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды – Дияр бірінші раундтың соңғы секундында қарсыласын нокаутқа жіберді.
Бұл – Диярдың UFC-дегі екінші жеңісі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы Apex аренасында өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/mma/2410183-qazaqstandyq-diiar-nurgozhai-ufc-turnirinde-qarsylasyn-nokautqa-zhiberdi-video/
