Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қуат Хамитов ірі лигада өнер көрсетуге ұсыныс түскенін мәлімдеді

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитов. Фото: Real American Freestyle

    Белгілі қазақстандық файтер Қуат Хамитов өзіне әлемдегі ең ірі Bare Knuckle FC жұдырықтасу лигасынан ұсыныс түскенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жазды.

    "Bare Knuckle FC-де өнер көрсету жөнінде ұсыныс алдым. Егер шарттары бойынша келіссек, күзде өзім үшін жаңа ұйымда жекпе-жек өткіземін", - деп жазды спортшы.

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитов. Фото: Instagram / kuat__khamitov

    Bare Knuckle Fighting Championship (BKFC) — жұдырықтасу жекпе-жектерін өткізетін әлемдегі ең ірі ұйым. Америкалық промоушен Филадельфияда орналасқан және 2018 жылы құрылған.

    BKFC 1889 жылдан бері АҚШ аумағында жалаң қолмен бокстасу турнирлерін өткізуге ресми рұқсат алған алғашқы компания атанды.

    Соңғы жылдары бұл лигада ММА мен кәсіпқой бокстың көптеген танымал өкілі өнер көрсетті.

    Айта кетейік, осы айда Хамитов танымал бола бастаған RAF ұйымында дебют жасап, еркін күрес ережесі бойынша UFC-дің үздік файтерлерінің бірі Арман Царукянмен күш сынасқан еді. Қазақстандық спортшы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

    Кейін Қуат танымал қарсыласпен тағы бір жекпе-жек өткізуді ұсынды.

    Қуат Хамитов ірі лигада өнер көрсетуге ұсыныс түскенін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram