Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қашан оралатынын айтты

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, Oktagon лигасының қазіргі чемпионы Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралу жоспары туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жыл соңына дейін әлемнің ең беделді промоушенінде қайта жұдырықтасуға үміттенетінін жеткізді.

    "Ұнай ма, ұнамай ма, бірақ мен UFC-ге ораламын. Иншалла. Жыл соңына дейін. Уақыт көрсетеді", – деп жазды Жұмағұлов.

    Жалғас Жұмағұлов UFC-мен алғашқы келісімшартын 2020 жылдың ақпанында жасаған болатын. Ұйым сапында жеті жекпе-жек өткізіп, бір жеңіске жетіп, алты рет жеңіліс тапты.

    2023 жылдың шілдесінде UFC-ден кеткеннен кейін қазақстандық файтер Oktagon MMA лигасына ауысты. Мұнда ол аса жеңіл салмақта чемпиондық белбеуді жеңіп алып, кейін UFC-дің бұрынғы спортшысы Давид Дворжакқа қарсы кездесуде титулын сәтті қорғады.

    Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қашан оралатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram