Шавкат Рахмонов UFC-ден кеткені рас па: спортшы болашағына қатысты қауесеттерге жауап берді
Жарияланған күні:
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов желіде жазба жариялап, өзінің UFC-ден кеткені туралы жаңалықты жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Рахмонов Х әлеуметтік желісінде көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Ол өзінің болашағына қатысты айтылып жатқан қауесеттер шындыққа жанаспайтынын айтып, жанкүйерлерін қуантты.
Оған қоса аралас жекпе-жек жұлдызы жақын арада сегізбұрышқа оралатынын хабарлады.
"Күнде жаттығу жасап, бар күшімді салып жатырмын. Жақын арада ораламын. Октагонға қайта шығатын күнді асыға күтудемін", - деп жазды Шавкат Рахмонов.
Айта кетейік, бұған дейін бірқатар шетелдік басылым Рахмоновтың UFC-ден кеткенін хабарлаған болатын. Алайда кейін спортшының командасы бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/mma/2294280-shavkat-rahmonov-ufc-den-ketkeni-ras-pa-sportshy-bolashagyna-qatysty-qauesetterge-zhauap-berdi/