Перейра бір жарым минутта Анкалаевты нокаутқа жіберіп, чемпиондық белбеуді қайтарып алды
Жарияланған күні:
Бразилиялық аралас жекпе-жек жұлдызы Алекс Перейра ресейлік Магомед Анкалаевты жеңіп, UFC чемпиондық белбеуін қайтарып алды. Ол қарсыласын бір жарым минутта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Спортшылардың қақтығысы Лас-Вегаста өткен UFC 320 турнирінің басты жекпе-жегі болды. Анкалаев 93 келіге дейінгі салмақта алғаш рет чемпиондық белбеуді қорғады. Перейра дивизионда бірінші орынға шығып, белбеуге таласу мүмкіндігіне ие болды.
Бұған дейін спортшылар наурыз айында жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде Анкалаев төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуге ие болған еді.
Реванш бес раундқа жоспарланғанымен, уақытынан бұрын аяқталды. Перейра бір жарым минутта қарсыласын нокаутқа жіберіп, чемпиондық белбеуін қайтарып алды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/mma/2293770-pereira-bir-zharym-minutta-ankalaevty-nokautqa-zhiberip-chempiondyq-belbeudi-qaitaryp-aldy/