Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жалғас Жұмағұлов грузин файтерін тас-талқан етіп жеңіп, титулын тартып алды

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

    Аралас жекпе-жектен қазақстандық танымал файтер Жалғас Жұмағұлов (17-9) Германияның Гамбург қаласында өткен OKTAGON 73 турнирінде грузин спортшысын жеңіп, чемпиондық атақты иеленді, деп жазады 1bol.kz.

    Аса жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте Жалғас грузиннің танымал файтері Бено Адамимен (12-8-2) төбелескен болатын. Кездесу толық бес раунд өтіп, төрешілер шешімімен қазақ жауынгері жеңімпаз деп танылды.

    Айта кету керек, Бено Адами қатарынан алты жекпе-жекте жеңіске жетіп, кеше чемпиондық титулын қорғауы тиіс болған. Алайда, оның жолын Жалғас Жұмағұлов кесіп, белбеуді өз иелігіне алды.

    Отандасымыз бұған дейін UFC лигасында да төбелескен. Элиталық дивизионда 7 жекпе-жек өткізген ол алтауында жеңіліп, жаңа контракт ала алмады.

    Жалғас Жұмағұлов грузин файтерін тас-талқан етіп жеңіп, титулын тартып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram