Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Барыс" алты шайба соғып, маусым алдындағы шешуші ойында "Адмиралды" жеңді

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: "Барыс" ХК баспасөз қызметі

    Астаналық "Барыс" хоккей клубы Николай Пучков атындағы маусым алдындағы турнир аясында Владивостоктың "Адмирал" командасын жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.

    Кездесу овертаймда 6:5 есебімен аяқталды. Бірінші кезеңде командалар екі шайбадан алмасты. "Барыс" сапында Дінмұхамед Қайыржан мен Семен Симонов көзге түссе, қарсыластардан Иван Муранов пен Дмитрий Завгородний гол соқты.

    Екінші кезеңде астаналықтардан Әлихан Өмірбеков пен Джастин Бэйли мергендік танытты. Бэйли "Барыс" сапындағы алғашқы голын соқты. "Адмирал" құрамында Александр Волков пен Муранов шайба салды.

    Үшінші кезеңде Өмірбеков дубль жасады. Алайда "Адмирал" да жауап қайтарып, ойынды овертаймға ауыстырды. Қосымша уақытта жеңіс шайбасын Чейз Приски салды.

    Пучков мемориалының қорытындысы бойынша "Барыс" төрт ұпай жинады.

    "Барыс" алты шайба соғып, маусым алдындағы шешуші ойында "Адмиралды" жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram