18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    19 жастағы хоккейші мезгілсіз көз жұмды

    Амир Ханов
    Амир Ханов. Фото: instagram.com/ufa.bashkortostan

    "Салават Юлаев" клубының 19 жастағы ойыншысы Амир Ханов көз жұмды. Оның агенті соңғы бір жылда медициналық тексерулерден денсаулығында ешқандай кінәрат табылмағанын мәлімдеді.

    Уфалық "Салават Юлаев" клубының мүшесі, қорғаушы Амир Ханов 19 жасында көз жұмды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

    Спортшының агенті Валерий Зацепин ТАСС-қа берген сұхбатында Хановтың былтыр шілдеде және биыл ақпанда өткен медициналық тексеру нәтижелері алаңдаушылық тудырмағанын айтты.

    "Былтырғы шілде мен биылғы ақпандағы медициналық тексерулердің қорытындысы бойынша денсаулығында ешқандай мәселе болмаған", - деді Зацепин.

    Бұған дейін ТАСС дереккөзге сілтеме жасай отырып, өлімге алдын ала жүректің тоқтап қалуы себеп болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Дереккөздің мәліметінше, хоккейшінің тромбы үзіліп кеткен. Өлімнің ресми себебі әзірге жарияланған жоқ.

    Айта кетейік, Ханов "Салават Юлаев" жүйесінің ойыншысы еді.

    "2022/23 маусымында қорғаушы Ресей біріншілігінің Повольже аймағындағы командалар арасында 2007 жылы туған хоккейшілер қатарында Уфа командасы сапындағы ең нәтижелі ойыншы атанды", - деп жазады РИА Новости.

    Сондай-ақ спортшы Приволжье федералды округінің құрамасында өнер көрсетті. 2022 жылы ол құрама сапында "Сириус кубогын" жеңіп алды.

    Ханов соңғы екі маусымды Ұлттық жастар хоккей лигасында өткізіп, "Полет" және "Самара" командаларының намысын қорғады.

    19 жастағы хоккейші мезгілсіз көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram