Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жастар арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық хоккейшілер Францияны ірі есеппен жеңді

    хоккейшілер
    Қазақстандық хоккейшілер. Фото: olympic.kz

    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Словенияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Үшінші ойында ұлттық құрама Франциямен кездескен. Бірінші кезеңде франциялықтар 2:0 есебімен алға шыққан. Дегенмен отандастарымыз бір гол соғып, есепті қысқартқан.

    Екінші кезеңде жалпы бес шайба соғылған. Оның төртеуі біздің спортшылардың еншісіне жазылған. Соңғы кезеңде Қазақстан құрамасы тоғыз шайба соқса, франциялық хоккейшілер үш шайбамен жауап қайтарған.

    Ойын 14:6 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілген. Келесі матчта ұлттық құрама Норвегиямен ойнайды.

    Жастар арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық хоккейшілер Францияны ірі есеппен жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram