Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден екі рет қатарынан Азия чемпионы болды

    Қазақстанның хоккей құрамасы
    Қазақстанның хоккей құрамасы. Фото: Хоккей федерациясы

    Қазақстандық хоккейшілер Азия чемпионатында жеңіске жетті. Шайбалы хоккейден ерлер құрамасы екі рет қатарынан Азия чемпионы атанып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан құрамасы Пекинде өтіп жатқан жарыстың соңғы турында Жапония командасымен кездесіп, оларды 4:3 есебімен жеңіп кетті.

    Бұл матчта ұлттық құрама сапында үздік ойыншы ретінде үш ассист жасаған шабуылшы Максим Мусоров танылды. Оған қоса ол турнирдегі Қазақстан құрамасының ең құнды ойыншысы атанды.

    Айта кетейік, бұған дейінгі екі кездесуде де қазақстандық хоккейшілер жеңіске жеткен еді. Алдымен Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен ұтты, кейін Қытайды 5:1 есебімен тас-талқан етті.

    Осылайша Қазақстан құрлықтық турнирде бірінші орынды иеленді.

    Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден екі рет қатарынан Азия чемпионы болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram