Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Азиада-2025: қазақстандық хоккейшілер ірі есеппен жеңіске жетті

    Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы
    Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы. Фото: Сали Сабиров, ҰОК баспасөз қызметі

    Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі кезекті матчында жеңіске жетті.

    Ұлттық құрама Тайбэй командасын ірі есеппен ұтты. Қазақстандық спортшылар қарсылас қақпасына бес шайба соғып, өз қақпасына тек бір ғана шайба жіберді.

    Бұл жеңіс Қазақстан үшін үш ойындағы үшінші жеңіс болды. 9 ақпанда ұлттық құрама Оңтүстік Кореямен кездеседі.

    Азиада-2025: қазақстандық хоккейшілер ірі есеппен жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram