Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Азиада-2025: шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы ірі жеңіске қол жеткізді

    Қазақстандық хоккейшілер
    Қазақстандық хоккейшілер. Фото: ҚР Спорт комитеті

    Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында қатарынан екінші рет жеңіске жетті. 

    Қазақстан құрамасы В тобындағы екінші ойында Таиланд құрамасымен кездесті. Үш кезеңде қыздарымыз қарсылас қақпасына 9 гол соғып, жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының шабуылшысы София Зубкова ойында 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Ал Мунира Саяхатқызы, Александра Шегай, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова және Анна Пяткова 1 голдан салды.

    Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді.

    Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. 

    Азиада-2025: шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы ірі жеңіске қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram