Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тарихта алғаш рет УЕФА Суперкубогы Қазақстанда өтеді

    Суперкубок жүлдесі
    УЕФА суперкубогының жүлдесі. Фото: Sebastian Widmann - UEFA/UEFA via Getty Images

    Астанада 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

    Бүгін Салоникиде өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтетін орын анықталды.

    Маңызды матч "Астана Аренада" болады. Қазақстан футболы үшін бұл - ел тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі.

    2028 жылғы Суперкубокта УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасының жеңімпазы кездеседі.

    Тарихта алғаш рет УЕФА Суперкубогы Қазақстанда өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram