Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Өзбекстандық "Нефтчи" элиталық Азия чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

    "Нефтчи" ФК
    "Нефтчи" ФК. Фото: "Нефтчи" ФК баспасөз қызметі

    Өзбекстандық "Нефтчи" футболшылары АФК элиталық чемпиондар лигасының аясында өз алаңында ирактық "Аль-Куваны" жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жалпы кезеңнің бірінші тур матчы Ферғанадағы "Истиклол" стадионында өтіп, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

    Ойынның 83-минутында сербиялық шабуылшы Зоран Марушич жалғыз голды соқты. Нәтижелі пас ивуариялық қорғаушы Коффи Куаоның еншісінде.

    Бұл жеңіс "Нефтчиге" үш ұпай сыйлады. Өзбекстанның қазіргі чемпиондары элиталық Азия чемпиондар лигасында алғаш рет өнер көрсетіп отыр. Өзбекстан намысын сондай-ақ ташкенттік "Пахтакор" қорғайды. Тарихта алғаш рет Өзбекстанның екі командасы Азия чемпиондар лигасының осындай деңгейінде қатар бақ сынауда.

    Жалпы кезең сегіз турдан тұрады. Оның қорытындысы бойынша, өзбекстандық командалар өнер көрсететін Шығыс және Батыс конференцияларының әрқайсысынан үздік шыққан сегіз клуб плей-офф кезеңіне жолдама алады.

    Өзбекстандық "Нефтчи" элиталық Азия чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram