Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Дастан Сәтпаев Ұлттар лигасы матчтарына Қазақстан атынан қатыспайтын болды

    Дастан Сәтбаев
    Дастан Сәтбаев. Фото: Арман Жақсығұлов / "Қайрат" ФК

    Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының алдағы матчтарына арналған түпкілікті тізімді бекітті, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

    Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Джон ван 'т Схип 28 футболшыны негізгі құрамға енгізді.

    Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Александр Заруцкий ("Ақтөбе"), Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан);

    Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Астана"), Арсен Аширбек ("Елімай"), Сергей Малый ("Ордабасы"), Александр Широбоков, Александр Мрынский (екеуі де – "Қайрат»"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Ян Вороговский ("Астана"), Наурызбек Жагоров ("Тобыл");

    Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов ("Елімай"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Бауыржан Исламхан, Дінмұхаммед Қараман (екеуі де – "Астана"), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Дамир Қасаболат, Исмаил Бекболат (екеуі де – "Қайрат");

    Шабуылшылар: Ислам Чесноков ("Крылья Советов", Ресей), Азамат Тұяқбаев ("Қайрат"), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – "Ахмат", Ресей), Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Рамазан Кәрімов, Станислав Басманов (екеуі де – "Астана"), Елхан Астанов ("Ордабасы").

    Англиялық "Бернли" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев кеңейтілген тізімде болғанымен, түпкілікті құрамға ілікпеді. 18 жастағы футболшы қыркүйек айында жарақат алып, клубтық деңгейдегі соңғы бірнеше матчты өткізіп алған болатын.

    Алдағы халықаралық үзілісте Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында төрт кездесу өткізеді:

    26 қыркүйек. Фарер аралдары – Қазақстан; 29 қыркүйек. Словакия – Қазақстан; 2 қазан. Қазақстан – Молдова; 6 қазан. Қазақстан – Фарер аралдары.

    Дастан Сәтпаев Ұлттар лигасы матчтарына Қазақстан атынан қатыспайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram