Дастан Сәтпаев жарақатына байланысты "Бернлидің" алдағы матчын өткізіп алады
Жарияланған күні:

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев "Бернлидің" "Бристоль Ситиге" қарсы өз алаңындағы матчына қатыса алмайды. Футболшы жарақатына байланысты команданың өтініміне енбеді, деп хабарлайды baq.kz.
Sports.kz британдық спорт сарапшысы әрі трейдер Джеймс Денсонға сілтеме жасап, Сәтпаевтың жарақат алғанын жазды. Ал британдық футбол инсайдері Иэн Монтгомери жарақаттың тізе асты сіңіріне байланысты екенін нақтылады.
Сәтпаев жарақатты Чемпионшиптің алдыңғы турында "Мидлсброға" қарсы матчта алған. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық футболшы негізгі құрамда алаңға шығып, 81 минут ойнады. Ол қарсылас қақпасына екі қауіпті соққы жасап, пастарының 94 пайызын дәл жеткізді және матчтың үздік ойыншысы атанды.
Осыдан кейін футболшы сан бұлшықетінен жайсыздық сезініп, алаңнан ауыстырылды. "Бернлидің" бас бапкері Ники Хайен Сәтпаевтың медициналық тексеруден өтуі керектігін хабарлады.
Бұл қазақстандық шабуылшының алғашқы бұлшықет жарақаты емес. Ақпан айында ол санындағы микрожарақат пен шап аймағына шамадан тыс күш түсуден кейін қалпына келген. Сол кезде «Челси» мамандары «Қайраттың» жаттығу базасында футболшының оңалту процесін бақылауға көмектескен.
Бұған дейін «Бернли» жанкүйерлері Сәтпаевтың "Мидлсброға" қарсы ойынын жоғары бағалаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2423619-dastan-satpaev-zharaqatyna-bailanysty-bernliding-aldagy-matchyn-otkizip-alady/
