Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Дастан Сәтпаев Англиядағы алғашқы жеке жүлдесін иеленді

    Казахстанский футболист Дастан Сатпаев
    Дастан Сатпаев. Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images

    Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев англиялық "Бернли" сапындағы алғашқы жеке жүлдесін иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Чемпионшиптің төртінші турында "Бернли" өз алаңында "Мидлсбромен" тең түсті (1:1). Осылайша команда үш ойынға созылған жеңілістер сериясын тоқтатты.

    Сәтпаев "Бернли" сапында үшінші рет қатарынан негізгі құрамда шықты. Ол 81-минутта алмастырылды. 18 жастағы шабуылшы алаңда болған уақытта қақпаға екі рет дәл соққы жасап, пастардың дәлдігін 94 пайызға жеткізді.

    Қазақстандық ойыншы ресми түрде матчтың үздік ойыншысы деп танылды. Оған арнайы жүлде табысталды, бұл туралы "Бернли" баспасөз қызметі жеке жарияланым арқылы хабарлады.

    Төрт турдан кейін екі ұпай жинаған "Бернли" ағылшын футболының екінші дивизионында 23-орында, яғни турнир кестесінің соңында тұр.

    Дастан Сәтпаев Англиядағы алғашқы жеке жүлдесін иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram