"Аянбай еңбек еттім": Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Аты аңызға айналған футболшы Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Ол Instagram парақшасында қоштасу хатын жариялады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Аты аңызға айналған футболшы Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Ол Instagram парақшасында қоштасу хатын жариялады.
"Финалдан кейін көп ойландым. Баршаңызға ұлттық құрамадағы мансабымды аяқтайтынымды хабарлағым келеді…
Бұл шешім маған ауыр тиді, әлі де қиын. Бірақ қазір ең қолайлы уақыт екенін түсінемін. Мен қашан да бар күшімді салдым. Тек соңғы, жеңіске жеткен жылдары ғана емес, оған дейін де барымды бердім.
"Әрқашан күрестім. Осы жейде үшін барлығын жасадым. Сіздерге қуаныш сыйлап, аргентиналық екеніңізге мақтануыңыз үшін футбол арқылы аянбай еңбек еттім", - деп жазды футболшы.
Ол "бұл тарау оған ауыр қайғы әкелетінін" мәлімдеді.
"Мен ұлттық құраманың бөлігі болғанды жақсы көрдім және әрқашан жақсы көремін. Мен қолымнан келгеннің бәрін бердім. Енді берерім қалмады. Сонымен қатар артымнан сол жерде болуға лайықты тамаша жас ойыншылар келе жатыр.
Осы 20 жыл ішінде маған көрсеткен махаббаттарыңыз бен қолдауларыңызға рақмет. Сөздеріңізді қатты сағынатын боламын", - деп жазды Месси.
Ол сондай-ақ жақындарына алғысын білдірді.
"Әрқашан қасымда болғаны үшін, осы тамаша әрі қиын сапарда мені қолдағаны үшін отбасыма рақмет.
Осы тәжірибені бөлісу бақыты бұйырған әрбір бапкерге, командалас достарыма және менеджерге алғыс айтамын. Мен ұмытылмас естеліктер мен сәттерді өзіммен бірге ала кетемін", - деп жазды Лионель Месси.
Футболшы бұл шешімге сабырмен және мақтанышпен келгенін айта кетті.
"Сіздерге және командаластарыма тіпті армандамаған сәттерді сыйладым. Мұның бәрін сіздермен бөлісу керемет болды. Барлықтарыңызды жақсы көремін! Аргентиналық болғаным үшін Құдайға рақмет. Алға, Аргентина!
Мен бұл сөздерді финал өткен соң екі күннен кейін, 21 шілдеде жаздым. Әкеме қатысты жайттан соң мен бұған бұрынғыдан да сенімдімін", - деп қосты футболшы.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2420933-aianbai-engbek-ettim-lionel-messi-argentina-quramasyndagy-mansabyn-aiaqtaitynyn-malimdedi/
