"Каспий" Қазақстан чемпионатының 24-турында "Тобылды" жеңді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтаулық "Каспий" Қазақстан премьер-лигасының 24-турында қостанайлық "Тобылды" жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.
Матч прошел на стадионе "Жастар" в Актау и завершился победой хозяев поля с минимальным счетом - 1:0.
Ойын Ақтаудағы "Жастар" стадионында өтті. Матч алаң иелерінің (1:0) жеңісімен аяқталды.
"Каспий" сапындағы жалғыз голды 71-минутта француз шабуылшысы Ноха Ндомбаси соқты. Оған отандасы, форвард Кеба Силла нәтижелі пас берді.
24 турдан кейін ақтаулық клуб 26 ұпай жинады. Қазіргі уақытта команда Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде оныншы орында тұр.
Қостанайлық "Тобыл" бір саты жоғары, яғни тоғызыншы орында келеді. Олардың еншісінде 28 ұпай бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2420349-kaspii-qazaqstan-chempionatynyng-24-turynda-tobyldy-zhengdi/
