Конференциялар лигасының жалпы кезеңі: "Қайраттың" қарсыластары анықталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Монакода УЕФА Конференциялар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы жалпы кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстандық "Қайрат" та өз қарсыластарын білді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде 36 команда бақ сынайды. Жалпы кезеңде олар алты матчтан өткізеді – үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда.
"Қайрат" Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан шығып қалғаннан кейін Конференциялар лигасына жолдама алды. Алматылық клуб жеребе тарту кезінде алты себеттің төртіншісінде болды.
"Қайраттың" Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі қарсыластары:
- "Аталанта" (Бергамо, Италия) – сырт алаңда;
- "Панатинаикос" (Афина, Грекия) – өз алаңында;
- "Твенте" (Энсхеде, Нидерланды) – сырт алаңда;
- "Университатя Крайова" (Румыния) – өз алаңында;
- "Рига" (Латвия) – сырт алаңда;
- "Мьельбю" (Хеллевик, Швеция) – өз алаңында.
Алты тур қазан мен желтоқсан аралығында өтеді. Ең үздік сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады. 9-24 орын алған клубтар плей-офф кезеңінің қосымша матчтарында ойнайды.
Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде барлығы 30 елдің өкілдері бар. Бұл – турнир тарихындағы жаңа рекорд.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2419948-qairattyng-konferentsiialar-ligasynyng-zhalpy-kezengindegi-qarsylastary-anyqtaldy/
