Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қайрат" ФК премьер-лигадағы матчтарға қатысты маңызды хабарландыру жасады

    Футбол добы
    Футбол добы. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    "Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасындағы матчтар кестесіне қатысты хабарландыру жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Алматылық клубтың Telegam-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, премьер-лигадағы матчтар кестесі өзгерген.

    • 24-турдың "Елімай" – "Қайрат" матчы 30 тамыздан 31 тамызға ауыстырылған. Кездесу Семейдегі "Спартак" стадионында сағат 19:00-де өтеді.
    • 21-турдың кейінге қалдырылған "Қайрат" – "Жеңіс" матчы 9 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын сағат 19:00-де басталады.
    • 26-турдың "Қайрат" – "Тобыл" матчы 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке ауыстырылған. Кездесу Орталық стадионда сағат 19:00-де болады.

    "Қайрат" ФК матчтардың жаңартылған кестесін келісуге түсіністік танытып, қолдау көрсеткен клубтарға алғыс айтты.

    "Қайрат" ФК премьер-лигадағы матчтарға қатысты маңызды хабарландыру жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram