Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қайрат" "Андерлехттен" ірі есеппен жеңілді

    "Қайрат" ФК футболшылары
    "Қайрат" ФК футболшылары. Фото: Арман Жақсығұлов / "Қайрат" ФК

    Алматылық "Қайрат" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта бельгиялық "Андерлехтке" 0:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Кездесу алаң иелері үшін сәтсіз басталды. Екінші минутта Яакко Оксанен допты өз қақпасына бағыттап, "Андерлехтті" алға шығарды.

    24-минутта Лукаш Амброс бельгиялық клубтың басымдығын еселей түсті. Ал 38-минутта Александр Широбоков қызыл қағаз алып, "Қайрат" қалған уақытты он ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.

    Бірінші таймның қосымша уақытында Даниил Сикан тағы бір гол соғып, есепті 3:0-ге жеткізді.

    Екінші таймда алматылықтар ойын барысын өзгертуге тырысқанымен, қарсылас қақпасын аша алмады. Нәтижесінде кездесу "Андерлехттің" сенімді жеңісімен аяқталды.

    Қарымта матч 27 тамызда Брюссельде өтеді. Қос кездесудің қорытындысында жеңіске жеткен команда Еуропа лигасының жалпы кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген ұжым еурокубок маусымын Конференциялар лигасында жалғастырады.

    "Қайрат" "Андерлехттен" ірі есеппен жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram