Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Бұл тек бастамасы": Дастан Сәтпаев ресми түрде жаңа командаға ауысты

    Дастан Сәтпаев
    Дастан Сәтпаев. Фото: Luis Veniegra/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

    Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Англияның көне клубтарының бірі — «Бернли» ойыншысы атанды, деп хабарлайды kazinform.

    Бұл туралы "Челси" мен "Бернли" футбол клубтары әлеуметтік желіде хабарлады. Көк жейделі команда Сәтпаев "Қайраттан" "Челсиге" ресми түрде ауысқанын хабарлап, Қазақстан құрамасының ойыншысы алдағы маусымды "Бернлиде" өткізетінін жеткізді.

    Бұл жаңалықпен Англия Премьер-лигасының кейінгі чемпионат — Чемпионшипте өнер көрсететін "Бернли"де бөлісті.

    "Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев "Челсиден" бір маусымға жалға алынғанын қуанышпен хабарлаймыз", - делінген клуб жазбасында.

    Дастан Сәтпаев манбасындағы жаңа кезеңге қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді.

    "Бұл тек бастамасы. Жалға бару — менің мықтырақ болуыма көмектестін жаңа тәжірибе. Бар жақсы алдыда. Алға қазақ елім", — деп жазды ол.

    "Бұл тек бастамасы": Дастан Сәтпаев ресми түрде жаңа командаға ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram