Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мәскеулік "Спартактың" бұрынғы бапкері "Жеңіс" клубының тізгінін ұстады

    Босниялық маман Владимир Слишкович
    Владимир Слишкович. Фото: "Жеңіс" ФК-ның баспасөз қызметі

    Босниялық маман Владимир Слишкович "Жеңістің" бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы қазақстандық футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ресми мәлімдемеде 43 жастағы маманмен жасалған келісімшарттың егжей-тегжейі жарияланбаған. "Жеңіс" клубы Слишковичке сәттілік пен жарқын жеңістер тілеген.

    "Мәскеулік "Спартак" пен "Орынбордағы" жұмысы арқылы футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс Владимир енді "сары-қаралардың" тізгінін өз қолына алады.

    43 жастағы тәжірибелі маман "Спартак" клубын басқарған кезде Ресей Премьер-Лигасында бірде-бір рет жеңіліс таппаған және айдың үздік бапкері деп танылған", - делінген хабарламада.

    Мостар қаласының тумасы футболшы ретінде жергілікті "Зриньски" мен сараеволық "Железничар" сапында өнер көрсеткен.

    Слишкович бапкерлік мансабын "Зриньскиден" бастады. Бұдан бөлек, ол саудиялық "Әл-Ансар", қытайлық "Циндао Чжуннэн" мен "Хунань Биллоуз" клубтарында, сондай-ақ Босния және Герцеговинаның жасөспірімдер құрамасында (U16) жұмыс істеген.

    2022 жылдан бастап Слишкович ресейлік "Спартакта" Гильермо Абаскальға көмектесті. Испаниялық маман кеткеннен кейін босниялық бапкер мәскеулік команданың бас бапкері міндетін атқарушы болды. "Спартактан" кеткен соң Слишкович "Орынбордың" тізгінін ұстады, ал 2025 жылғы қазанда қызметінен босатылды.

    Мәскеулік "Спартактың" бұрынғы бапкері "Жеңіс" клубының тізгінін ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram