Владимир Чебурин "Атырау" футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Атырау" футбол клубы Владимир Чебуриннің бас бапкер қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Клубтың Instagram-дағы ресми аккаунтында хабарланғандай, Владимир Чебурин екіжақты келісім бойынша "Атырау" футбол клубының бас бапкері қызметінен кеткен.
Чебурин 2026 жылғы 6 наурызда команданың тізгінін ұстаған еді. Оның жетекшілігімен ұжым Қазақстан Премьер-лигасының 19 матчында 19 ұпай еншілеп, қазір турнир кестесінде 13-орында тұр.
Команданың жаңа бас бапкері әзірге ресми түрде таныстырылған жоқ. Инсайдерлер бұл қызметке бірнеше күн бұрын түркістандық "Тұранның" бапкерлер штабындағы көмекшісі қызметінен кеткен Самат Смақовтың тағайындалу ықтималдығын жоғары деп санайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2409968-vladimir-cheburin-atyrau-futbol-klubynyng-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti/
