Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қайрат" Чемпиондар лигасында "Левскиден" жеңіліп қалды

    "Қайрат" ФК
    "Қайрат" футболшылары. Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі

    Болгариялық "Левски" футболшылары УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымы аясында өз алаңында қазақстандық "Қайратты" жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Командалар үшінші іріктеу раундында бақ сынауда. Екі матчтан тұратын текетірестің алғашқы кездесуі Софиядағы Георгий Аспарухов атындағы стадионда өтіп, алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

    Ойын соңындағы жалғыз голдың авторы — португалиялық жартылай қорғаушы Сержинью. Оның қосымша уақыттың екінші минутында алыстан бағыттаған соққысы нәтижелі болып, спортшы қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековтің қақпасына гол салды.

    Ойын барысында "Қайрат" футболшылары қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмады. "Левски" ойыншылары 13 рет соққы бағыттады.

    Қарымта матч 11 тамызда "Түркістан Аренада" өтеді. Алматыдағы Орталық стадион 14 тамызға жоспарланған америкалық рэпер Канье Уэсттің концертіне байланысты бұл ойынды қабылдай алмайды.

    Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда плей-офф кезеңіне шығып, Афинаның АЕК клубымен кездеседі. Жеңілген тарап Еуропа лигасының осы кезеңіне ауысып, ПАОК (Салоники, Грекия) – "Андерлехт" (Брюссель, Бельгия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

    "Қайрат" Чемпиондар лигасында "Левскиден" жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram