18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Италиялық аңыз футболшы, "Миланның" экс-капитаны Франко Барези дүниеден өтті

    аңыз футболшы Франко Барези
    Франко Барези. Фото: Image Photo Agency/Getty Images

    Италиялық аңыз футболшы, "Миланның" экс-капитаны және Италия құрамасының мүшесі Франко Барези 66 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Франко Барезидің дүниеден өткенін "Милан" футбол клубының баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде хабарлады.

    "6-нөмірлі жейдесі секілді оның өнегелі жолы клубтың тарихы мен ДНҚ-сының ажырамас бөлігі ретінде мәңгі қалады. "Милан" клубы және барша "россонери" жанкүйері осы бір қиын сәтте Франко Барезидің отбасына қайғырып көңіл айтады", - делінген клуб хабарламасында.

    "Чемпионат" басылымының мәліметінше, Франко Барези бүкіл спорттық мансабында (1978-1997 жылдар аралығында) тек "Милан" сапында өнер көрсеткен. Ол алты рет Италия чемпионы атанып, төрт рет Италия Суперкубогын, үш рет Чемпиондар лигасын және бір рет УЕФА Суперкубогын жеңіп алған.

    Барези Италия құрамасы сапында 81 матч өткізген. Қорғаушы ұлттық құрамамен бірге 1982 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен.

    Сонымен қатар ол 1994 жылғы әлем чемпионатының күміс және 1990 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

    Италиялық аңыз футболшы, "Миланның" экс-капитаны Франко Барези дүниеден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram