Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы голына қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Instagram парақшасында "Челси" сапындағы дебюттік голына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сейсенбі, 28 шілдеде лондондық клуб халықаралық маусым алдындағы турнесін бастады. Жолдастық кездесуде олар аустралиялық "Вестерн Сидней Уондерерс" командасын 6:4 есебімен жеңді. Сәтпаев ойынды негізгі құрамда бастап, "Челси" сапындағы алғашқы голын соқты.
Кездесуден кейін қазақстандық футболшы Instagram-stories-те өз суреті мен командаластарымен голды тойлап жатқан сәті түсірілген коллажды жариялады.
"Әлхамдулилләһ. Барлық мақтау Аллаға тән", - деп жазды Сәтпаев.
17 жасар шабуылшы "Челсиге" алматылық "Қайраттан" ауысқан. Ол лондондық клубқа маусым айында қосылды, ал ресми ойындарға кәмелет жасына толғаннан кейін (12 тамыз) қатыса алады.
Сәтпаевтың "Челси" сапындағы дебюттік голынан кейін команданың бас бапкері, испаниялық Хаби Алонсо да өз пікірін білдірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2405213-dastan-satpaev-chelsi-sapyndagy-algashqy-golyna-qatysty-pikir-bildirdi/
