Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы голын соқты (видео)

    Футболшы Дастан Сатпаев
    Дастан Сатпаев. Фото: Saeed Khan / AFP via Getty Images

    Футболдан Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев ағылшындық "Челси" сапындағы дебюттік голын соқты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сейсенбі, 28 шілдеде лондондықтар сырт алаңдағы турне аясында жолдастық кездесулер сериясын бастады. Сәтпаев австралиялық "Вестерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шықты.

    Ойынның жетінші минутында-ақ қазақстандық футболшы есеп ашты. Ол ағылшын вингері Райан Кавума-Маккуиннің дәл пасынан кейін жылдамдық қосып, қарсылас қақпасына қарай ұмтылды және допты қақпаның жоғарғы бұрышына дәл бағыттады.

    Айта кетейік, Дастан Сәтпаев "Челсиге" осы жазда алматылық "Қайраттан" ауысқан болатын. Бұған дейін ол екі жабық жолдастық кездесуде өнер көрсетті.

    Қазақстандық ойыншы лондондықтармен бірге ресми деңгейде кәмелет жасына толғаннан кейін (12 тамыз) ойнай алады.

    Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы голын соқты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram