Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Дастан Сәтбаев "Челсидің" маусым алдындағы турына қатысатын құрамға енді

    Дастан Сәтбаев
    Дастан Сәтбаев. Фото: instagram.com/d.satpayev

    Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев англиялық "Челсидің" маусым алдындағы турына қатысатын құрамға енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ лондондық футбол клубының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

    12 тамызда 18 жасқа толатын шабуылшы "Челсиге" маусым айында қосылған болатын. Ол 2026/27 жылғы маусымға дайындықты команданың жаңа бас бапкері, испаниялық Хаби Алонсоның жетекшілігінде негізгі құраммен бірге бастады.

    Сәтбаев ағылшын футболының төменгі лига өкілдері — "Кроули" (3:1) және "Бромли" (3:0) командаларымен бақылау матчтарда алаңға шығып үлгерді. Енді қазақстандық футболшы "Челсимен" бірге Австралия мен Азиядағы турнеге аттанады. Жалпы құрамға 28 ойыншы енді.

    28 шілде мен 9 тамыз аралығында лондондықтар бес жолдастық кездесу өткізеді. Олардың қарсыластары – аустралиялық "Вестерн Сидней", италиялық "Ювентус" пен "Милан", англиялық "Тоттенхэм" және малайзиялық "Джохор Дарул Такзим".

    "Челси" маусым алдындағы соңғы матчын 15 тамызда өз алаңында испаниялық "Реал Сосьедадқа" қарсы өткізеді.

    Дастан Сәтбаев "Челсидің" маусым алдындағы турына қатысатын құрамға енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram