Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    БАҚ: Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтауға бел буды

    Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: Charlotte Wilson/Getty Images

    Журналист Эрнан Кастильоның қолына түскен ақпаратқа сенсек, Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасындағы өнерін тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, танымал журналист Эрнан Кастильо X әлеуметтік желісінде жазба жариялап, онда Аргентина құрамасының аңызы Лионель Месси ұлттық команда сапындағы мансабын аяқтауға бел буғанын жазған.

    Журналистің дереккөзіне сенсек, футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы алдында киім ауыстыратын бөлмеде сөз сөйлеп, бұл кездесу ол үшін құрама сапындағы соңғы ойыны болғанын мәлімдеген көрінеді.

    Еске сала кетейік, аргентиналықтар қосымша уақытта Испания құрамасына 0:1 есебімен есе жіберіп, 2022 жылы Катарда жеңіп алған чемпиондық титулын қорғап қала алмады.

    Месси финалдық ойында бірнеше рекорд орнатты. Ол турнирдің үздік ойыншылары рейтингінде екінші орын алып, "Күміс допқа" ие болды. Сондай-ақ жанкүйерлермен кездесу кезінде Мессидің көзіне жас алғаны көптің назарына ілікті.

    Ол Аргентина құрамасындағы болашақ мансабы туралы ешқандай ресми мәлімдеме жасамады, десе де 2026 жылғы әлем чемпионаты 39 жастағы форвард үшін соңғы чемпионат болды.

    БАҚ: Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтауға бел буды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram