Чемпиондық атақ үшін талас: футболдан әлем біріншілігінің финалы сағат қаншада басталады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан уақыты бойынша 20 шілде, дүйсенбіге қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты мәресіне жетеді. Ақтық сында Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Футболдан әлем біріншілігінің финалы Нью-Йорк маңындағы Ист-Ратерфорд қаласында орналасқан "Метлайф" стадионында өтеді.
Кездесу 19-нан 20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-де басталады.
Матчты Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Аргентина құрамасы – 2022 жылғы Қатардағы әлем чемпионатының жеңімпазы. Жалпы команда үш рет әлем чемпионы болған.
Ал испаниялықтар өз тарихында бір рет ғана, 2010 жылы ОАР-да әлем чемпионы атанған.
2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдесі Англия құрамасына бұйырды. Үшінші орын үшін өткен матчта олар Францияны 6:4 есебімен жеңді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2401357-chempiondyq-ataq-ushin-talas-futboldan-alem-birinshiligining-finaly-sagat-qanshada-bastalady/