Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчтарына төрелік етеді

    Данияр Сахи
    Данияр Сахи. Фото: t.me/kff_team

    Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы бірінші іріктеу кезеңінің матчтарында қазылық етеді, деп хабарлайды ҚФФ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҚФФ-ның мәліметінше, 16 шілдеде Әзербайжанның Сумгаит қаласында өтетін Беларусьтің БАТЭ және Албанияның "Эльбасани" клубтары арасындағы кездесуде отандық төрешілер бригадасы қызмет етеді.

    "Матчтың бас төрешісі – Данияр Сахи. Оған Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеседі, ал қосалқы төреші қызметін Георгий Чеховский атқарады", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар ҚФФ Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру Черногорияның "Дечич" және Латвияның "Лиепая" командалары арасындағы матчқа инспектор болып тағайындалған.

    Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы бұл кездесу 15 шілдеде Черногорияның Тузи қаласындағы стадионда өтеді.

    Қазақстандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчтарына төрелік етеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram