ӘЧ-2026: Испания құрамасы Францияны жеңіп, финалға өтті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Францияны 0:2 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Финалға өтетін құраманы анықтаған шешуші матч Арлингтондағы (Техас, АҚШ) "Эй-Ти-энд-Ти" стадионында өтті. Матч 2:0 есебімен аяқталды.
Испаниялық шабуылшы Микель Оярсабал бірінші таймның 22-минутында пенальтиді голға айналдырды, ал қорғаушы Педро Порро (58) хавбек Дани Ольмоның пасын сәтті пайдаланып, қарсылас қақпасынан саңлау тапты.
Испания араға 16 жыл салып, әлем чемпионатының финалына шықты. Олар 2010 жылы әлем чемпионы атанған еді. Еуропаның қазіргі чемпиондары финалда Англия немесе Аргентинамен кездеседі.
Франция соңғы үш әлем чемпионатын есепке алсақ, алғаш рет финалға шыға алмады. Олар 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті, ал 2022 жылы Қатарда финалда Аргентинаға есе жіберді.
Франция құрамасының тізгінін ұстаған Дидье Дешам әлем чемпионатында бас бапкер ретінде ең көп матч өткізген адам ретінде рекорд орнатты. Испанияға қарсы матч оның 26-ойыны.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2399639-ach-2026-ispaniia-quramasy-frantsiiany-zhengip-finalga-otti/