Лионель Месси футболдан әлем чемпионатында антирекорд орнатты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатында антирекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Opta статистика сервисіне сілтеме жасап.
Мысыр құрамасына қарсы өткен 1/8 финалдық кездесудің бірінші таймында 39 жастағы форвард пенальтиді сәтті орындай алмады. Ойынның 21-минутында Месси бағыттаған соққыны қақпашы Мустафа Шобейр кері қайтарды.
Осылайша, ол футбол тарихында матчтан кейінгі серияларды есептемегенде, бір әлем чемпионатында екі рет пенальтиді өз пайдасына асыра алмаған алғашқы ойыншы атанды. Бұған дейін Месси топтық кезеңдегі Аустрияға қарсы ойында да 11 метрлік белгіден гол соға алмай қалған болатын. Десе де сол матчта оның жасаған дублі командасына 2:0 есебімен жеңіс сыйлаған еді.
Аргентиналықтардың капитаны әлем чемпионаттарында (матчтан кейінгі серияларды қоспағанда) жалпы алғанда сегіз рет пенальти тепті — бұл жаңа рекордтық көрсеткіш. Бірақ ол бұл пенальтилердің тек төртеуінде ғана гол соға алды.
Жетінші шілде Қазақстан уақыты бойынша сағат түнгі онда Аргентина мен Мысыр арасындағы матчтың бірінші таймы аяқталған болатын. Африка құрамасы қорғаушы Ясер Ибрахимнің 15-минутта соққан голының арқасында 1:0 есебімен алда келеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nursport.kz/football/2397004-lionel-messi-futboldan-alem-chempionatynda-antirekord-ornatty/