Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Испания құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиядан басым түсті

    Испанский футболист Микель Мерино
    Микель Мерино. Фото: Thomas COEX / AFP via Getty Images

    2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалияға қарсы ойнаған Испания құрамасы қарсылас қақпасына бір гол соғып, жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Екінші кезеңдегі плей-офф матчы АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласының стадионында өтті және 1:0 есебімен аяқталды.

    Матчтағы жалғыз голды жартылай қорғаушы Микель Мерино қосымша уақыттың бірінші минутында соқты. Ол шабуылшы Ферран Торрестің пасынан кейін қақпашымен бетпе-бет келіп, сол мүмкіндікті сәтті пайдалана алды.

    Испания құрамасы 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Қазіргі Еуропа чемпиондарының келесі матчы Қазақстан уақыты бойынша 10 шілдеден 11-іне қараған түні басталады.

    Испаниялық қақпашы Унаи Симон әлем чемпионатындағы голсыз серияны 609 минутқа дейін ұзартты (Қатар-2022 қоса алғанда), бұл турнир рекорды.

    Испания құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиядан басым түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram