Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Португалия - Испания және Аргентина - Мысыр: футболдан әлем чемпионатының 7 шілдедегі кестесі

    Ламин Ямаль және Криштиану Роналду (солдан оңға қарай)
    Ламин Ямаль және Криштиану Роналду (солдан оңға қарай). Фото: Emmanuele Ciancaglini/Ciancaphoto Studio/Getty Images

    Сейсенбі, 7 шілдеде Қазақстан уақытымен футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында бірнеше матч өтеді. KAZ.NUR.KZ назарларыңызға ойындар кестесін ұсынады.

    Түнде Португалия-Испания және АҚШ-Бельгия матчтары өтеді.

    Сейсенбі күні кешке Аргентина мен Мысыр құрамалары кездеседі, бұл ойында Лионель Месси тағы бірнеше рекорд орнатуы мүмкін.

    Қазақстан уақыты бойынша 7 шілдеге арналған матч кестесі:

    • 00:00 (6 шілдеден 7 шілдеге қараған түні). Португалия - Испания. "Эй-Ти-энд-Ти" стадионы, Арлингтон. Келесі қарсылас: АҚШ немесе Бельгия.
    • 05:00. АҚШ - Бельгия. "Люмен Филд" стадионы, Сиэтл. Келесі қарсылас: Португалия немесе Испания.
    • 21:00. Аргентина - Мысыр. "Мерседес-Бенц" стадионы, Атланта. Келесі қарсылас: Швейцария немесе Колумбия.

    Барлық матчты Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Португалия-Испания кездесуін Qazaqstan арнасынан да тамашалауға болады.

    Португалия - Испания және Аргентина - Мысыр: футболдан әлем чемпионатының 7 шілдедегі кестесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram